Болат Жүсіпұлы Жуандықов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Жүсіпұлы Жуандықов (27 шілде 1965 жыл Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ауылы) - желтоқсан оқиғасының қаһарманы.
Өмірбаяны
- Орта мектепті бітіргеннен кейін бірден әскер қатарына алынады.
- Әскерден кейін Алматыға келіп, ет комбинатында жұмыс істейді.
- 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол ішкі Ресейдің атышулы түрмелерінде болып, көптеген қиыншылықтарды бастан өткереді.
- Кейіннен ақталып, елге оралған. Түрмеде нақақтан-нақақ 2 жыл 5 ай отыруға мәжбүр болған.
- Бұл күнде Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында тұрады.