Болат Жетекбай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Жетекбай (4 мамыр, 1964 жыл, Түркменстан, Шағадам-Красноводск (қазіргі Түркменстанның уалаяты) өңірі, Қошоба ауылы) - ақын.
Өмірбаяны
- 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
- Әр жылдары «Алматы ақшамы», «Азия», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ елі» сияқты республикалық газеттерде қызмет еткен.
- 1986—1990 жылдары Красноводск ауданында қазақ тілінде шығатын «Жұмысшы» газетінде қызмет етеді.
- 2000 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясында аға маман, ғылыми қызметкер болып қызмет еткен.
- Қазіргі кезде «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етуде.
Шығармалары
1996 жылы «Жазушы» баспасынан «Күндіз аққан жүлдыздар» атты жыр жинағы жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>