Болат Далдаұлы Еламанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Далдаұлы Еламанов (29 қараша 1950 жылы туған, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу кенті) – тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы (2003).

Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

«Прорвамұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында оператор, аға инженер, бастық, Ембі ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, Қазақ КСР-і Мұнай-газ өнеркәсібі министрінің орынбасары (1972–91), «Мұнайгаз» МХК-ның президенті (1991–94), Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне қарасты Мұнай және газ департаментінің директоры (1994–98) болды.

1998 жылдан Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетте кен орындарын пайдалану дирекциясының директоры.

«Проблемы разработки нефтяных месторождений, осложненных коррозией и соле-парафиновыми отложениями» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994).<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болат Далдаұлы Еламанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}