Бойдақ мал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бойдақ мал - көшпелі мал шаруашылығындағы өсім қабілеті шектелген, төл өсіруге және сауынға саууға қатысы жоқ, яғни сүт өнімдерін бермейтін, төлі жоқ, саулық пен құтпан малдан жеке, оңаша бағылатын түліктің тобы. Бойдақ мал ұғымы негізінен піштіріліп, ақталған аталық қабілеті жойылған малдарға қаратыла айтылады. Оған төрт түлікте ат, атан, өгіз, еркек тоқты, қой, серке және т.б. енеді. Тағы бір ерекше ескерер мәселе, бойдақ малға ұрғашы малдарды да шартты түрде енгізген. Мысалы, іш (төл) тастаған, төлі өліп, сүті тартылып суалып кеткен, сондай-ақ қысыр қалған және бедеу саулықтарды да қосып бағады. Соған байланысты қазақ шопандары жеке бағылатын бойдақ, саулық аралас мал тобын шартты түрде бойдақ мал деп атайды. Бойдақ мал тобы үйір, табын немесе келе деп саналмайды. Себебі, онда құтпан қойылмайды, түлік құрамы тұрақты емес. Сонымен бірге Бойдақ малдар тобына жыныс қабылеті жетілмеген жас малдарды да қосып бағылады. Дәлірек айтқанда, қойда қысыр тусақ, саулық, ісек, жылқыда саяқ пен қысырақты, піштірілген дөнен-бестілер үйірін бірыңғай бойдақ малға жіберіледі. Бойдақ мал тобындағы еркек бойдақтар семіз мал ретінде соғымға немесе сойысқа сойылады. Ал, қысыр, төлі өлген, жыныс қабілеті жетілген тұмса ұрғашы малдар үйірге жіберіліп, аталық малға қосылады, яғни өсім қабілеті ескеріледі.

Сиырда бойдаққа қысыр қалғандары мен екі жастан асқан піштірілген еркегі, немесе өгіздер, еркек, ұрғашы тайынша-таналар енеді. Сол сияқты бойдақ қойға «іш алмаған» қысыр саулық, тұсақ, тоқты, төлі өліп сүті суалып кеткен саулықтармен бірге азбан, ісек, құнан, дөнен қойлар жатқызылады. Бойдақ малдың бағым-күтімі ерекше: семіртіп, қоңдандыру үшін оты шүйгін, суы мол, ауылдан ұзақ шалғайдағы өріске бағады. Яғни, ауылда ұсталатын малдың аяғы жетпейтін, олардан жайылымы бөлек болады. Ертеде көшпелі мал шаруашылығында бойдақ қой-ешкі табынын бағуға бірнеше үй арнайы шалғайға, жөн жерге көшіп барып қоныстанатындығына байланысты оларды қазақтар «бойдақ мал баққан ауыл» немесе «жондағы ауыл» деп атайды. Бағымының өзгеше - бойдақ мал ерте өргізіп, қараңғылық түскенше жайып, кеш қоралайды. Сауын уақыты деген ұғымның қатыстылығы болмайтындықтан түсте жонда, салқын жерлерде жусап жата береді. Жылқы мен сиырдың бойдағын қос тігіп шыққан сиыршы, жылқышылар баққан.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бойдақ мал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}