Бозтүк
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Бозтүк , анафалис (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бұташық немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда таудың тасты, тастақты беткейлерінде өсетін 2 түрі (жұмыр бозтүк, түйіншәй бозтүк) бар. Олардың тамырсабағы қатты, сүректенген. Сабағы мықты, боз қабықты, сыртын түк жапқан. Жапырақтарының шеті тегіс, кезектесе орналасады. Гүлдері үш түрлі: біреулерінде гүланалық басым; екіншілері аталық гүлді; үшіншілері қос жынысты жеміссіз гүлдерден тұрады. Себеттері көп гүлді, қалқанша-сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары ұзынша, тықыр немесе бұдырлы, кейде безді.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>