Боздағым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Боздағым» - «Жазушы» баспасынан 1990 ж. жарық көрген қазақтың жоқтау жырларының жинағы. Құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған филология ғылымы кандидаты Т. Арынов. Кітап 16 ғ-дан белгілі Мамай жоқтауынан бастап, Жамбылдың Ұлы Отан соғысында мерт болған баласы Алғадайға арнаған жырына дейінгі аралықтағы туындыларды қамтиды. Жинаққа Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған 6, інісі Оспан қайтқанда шығарған 1 өлеңі, Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген және ағасы Тәңірбердінің (Тәкежанның) баласы Мақұлбай өлгенде Әйгерімге айтқызған «Көз жұмғанша дүниеден...» деп басталатын жоқтауы енгізілген. Көлемі 12,5 баспа табақ, 60 000 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

энциклопедиясы]]

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Боздағым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}