Божырау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазіргі түсіндірме сөздігімізде — сылбырлыққа салыну, қожырау деп түсінік берілген. «Бас ие болмаған соң жұмыс божырап кеткен екен» (Б. Тоғысбаев, Алдыңғы.).

Сөз төркінін түркі тілдерінен табамыз. Мысалы, шор тілінде: пөзү — қалғу, мүлгу.

Ертеректе осы тұлғалас сөздің мағынасы қазақ тілінде де «қалғу, мүлгу» мағыналарын беріп, кейін одан «сылбырлық, маужырау» сияқты ауыспалы мағына пайда болып, алғашқы ұғым ұмытылған болуы мүмкін. Тіл дамуының барысында «пөзү» тұлғасы «божы» қалпына дейін өзгеру дағдылы құбылыс. Осы түбірге жұрнақ қосылу нәтижесінде «божыра» етістігі келіп шыққан. Бұл болжам тіл заңдылығына сәйкес: пөзү => бөзү => бозы => божы + ырa => божырa + у => божырау.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}