Богдо-Ола жотасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Богдо-ола жотасы, Богдо-Ула — Қытайдың солт.-батысындағы Богдошань тау сілеміндегі жота. Тянь-Шань тау жүйесіне енеді. Дзосотын-Элисун төбелі құмдары мен Турфан ойысы аралығында ендік бағытта созылып жатыр. Ең биік нүктесі — Богдо-Ола тауы (5445 м). Палеозой эрасында түзілген. Мезозойда тегістеліп, неогеннің соңында күшті қатпарлануға ұшыраған. Жер бетінде әр түрлі биіктікке көтерілген ежелгі тегістелу беттері басым. Солт.-батыс бөлігінде мұздықтар бар. Олардың ұзындығы 12 км-ге жетеді. Мұздықтардан басталатын ұсақ өзендер тау етектерінде оазистер құрайды. Жотаға тік белдемділік тән: етегінде — шөлдік ландшафт, одан биікте далалық ландшафт, 1700 — 2900 м биіктікте — қылқан жапырақты ормандар, 2900 — 3700 м-де альпілік шалғындар, 3700 м-ден жоғарыда мұзды-қарлы ландшафт қалыптасқан.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Богдо-Ола жотасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}