Бленнорея

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бленнорея, көз созы (грек. blennos — шырыш, ірің және rhoe — ағысы) — көздегі дәнекер қабықтың жұқпалы ауруы. Көзден өте көп ірің ағумен сипатталады. Бұл ауруды, көбінесе, гонококк, кейде пневмококк, стрептококк вирустары қоздырады. Адамның жасына қарай нәресте Бленнореясы, балалар Бленнореясы және ересектер Бленнореясы деп бөлінеді. Ауруды анасы сан.-гигиена сақтамағанынан, ал ересек адамдар жеке бастың тазалығын дұрыс ұстамағандықтан (лас қолдан) жұқтырады. Ең алдымен адамның бір көзі ауырады. Жаңа туған нәрестелер 2 — 3 күннен кейін қабақтары қатты ісініп, көзден ірің аралас қанды жас шығады. Дәнекер қабық ісініп, қызарады да, тез қанайтын болады. 3 — 4 күннен кейін дәнекер қабықтың ісінгені азайып, босаңсиды да, көзден жасыл түсті қою ірің ағады. Ол 4 — 5 аптаға созылады. Ауру жазылғаннан кейін дәнекер қабықта тыртық қалмайды. Тек қасаң қабықтан ірің көп бөлінсе, ол тесіліп, вирустың көз ішіне еніп кетуінен көз көрмей, науқас соқыр болып қалуы мүмкін. Ауру кезінде көзді байламау керек, себебі ол вирустардың тез көбеюіне ықпал етеді.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бленнорея|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}