Биғайша Медеуова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биғайша Медеуова (1952 жылы 14 желтоқсанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Қаратоған ауылы) - айтыс ақыны.

1976 жылы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік Ұлттық университетінің тарих факультетін тамамдаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Қаратоған ауылында тарих, музыка пәнінің оқытушылығынан бастаған. Нарынқол, Талғар, Іле аудандарындағы мектептерде оқутәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет істеген. 1990 жылдан бері Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі М.Мақатаев атындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. 1999 жылы «Қазақстан Республикасы Ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Республика мүғалімдерінің V съезіне делегат болып қатысқан. 1978 жылы Қазақстан комсомолының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Республикалық деңгейдегі айтыстарға қатысқан. 1987 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жанымның жапырақтары» атты ұжымдық жинаққа өлеңдері енген. 2003 жылы «Үш қиян» баспасынан «Үларсарын» жыр жинағы жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>