Битедеком

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Битедеком"АҚ түрінде құрылған өндірістік кәсіпорын <ref>"Қазақ телевизисы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>. Компания инж. жүйелер мен байланыс тармақтарын жобалау, телефон стансалары мен шоғырландыру құрылғыларын орнату және іске қосу, қалалық, аймақтық және магистральды байланыс жүйелері құрылыстарын жүргізу, т.б. шұғылданады. "Битедекомның" 7 филиалы, I еншілес кәсіпорны және облыс орталығыында орналасқан 3 бөлімшесі, 10 жылжымалы механикаландырылған колоннасы (ЖМК) бар.

Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 3 ЖМК-сы телекоммуникация нысандарында кез келген жөндеу жұмыстарын орындай алады. соңымен бірге жылына 1000 км талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуға маманданған. Компания жобалау орталығын құрып, онда қысқа мерзімде 2,5 мың км-лік ПетропавлОмбы, ШымкентҚызылорда, Ақтөбе–Атырау-Астрахань талшықты-оптикалық байланыс желісінің жобасы жасалды. Байланыс нысандарын қажетті құрылғылармен, жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен және металл бұйымдарымен, "Б-ның" "Байланыс құрылыс-конструкция" (Семей), "Өнеркәсіп байланыс" (Алматы) сияқты филиалдары қамтамасыз етеді.

Компания радиотелефон, сандық автоматты телефон стансаларын шығаратын "Комтел" (Орал) және "Вес-нет" (Павлодар) қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындарының құрылтайшысы.

1996-97 жылдары компания 1786 шақырымдықь "Трансеуропа талшықты-оптикалық байланыс желісі магистралінің ел территориясынан өтетін бөлігінің құрылысын жүргізді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}