Биполярлы нейроциттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биполярлы нейроциттер (neurocytus bipolus; грек, neuron — жүйке, жүйке; лат. bis - екі, қос; polus — полюс) — қосполюсті немесе қосөсінділі жүйке жасушалары. Аталуына сәйкес биполярлы нейроциттердің екі өсіндісі болады. Нейроциттің жүйке толқынын сырттан (сезім мүшелерінен, басқа нейроциттер аксондарынан) қабылдайтын өсіндісін — дендрит, ал өнделген жүйке толқынан нейроцит денесінен (перикарионынан) басқа нейроцит дендритіне немесе орындаушы мүшелерге өткізетін өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Биполярлы нейроциттер адам мен жануарлар организмдерінде көздің торлы қабығында және құлақтың айналымды (спиральды) жүйке түйіндерінде (ганглийлерінде) орналасады. Ал жұлын ганглийлеріндегі сезімтал нейроциттер — құрылысы жағынан "жалған бірполюсті" немесе "жалған униполярлы" нейрондар деп аталғанымен, оларды да биполярлы нейроциттерге жатқызады. Себебі, бұл нейроциттерде жүйке жасушасы перикарионынан шыққан бір өсінді Т әрпі тәрізді екіге бөлініп, бір-бірінен ажырап, оның бірі дендритке, ал екіншісі — аксонға айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Биполярлы нейроциттер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}