Биота

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өсімдік туралы

Биота – сауырағаштар тұқымдасына жататын, қылқанжапырақты ағаш және бұта. Ашық жасыл немесе қою жасыл түсті қылқандары жайылып өседі, Отаны – Қытай. Шығыс Азия елдерінен жер жүзіне тараған. Қазақстанға шетелден 4-5 түрі әкелініп, жерсіндірілді. Қылқандары бозаршаға қарағанда жұмсақтау болып келеді. Жағымды иісі бар. Биота жайылып өсетіндіктен әрі қылқандарының жұмсақтығына байланысты, көбінесе бұл өсімдіктен жасыл қоршаулар жасайды. Биіктігі 5-10 метр, қолайлы жағдайда 18 метрге жетеді, қолайсыз жағдайда бұта түрінде өседі. Медицинада биотаның қылқаны мен тұқымын тыныштандыруға және тыныс жолдарының ауруына қарсы қолданады. Қылқанынан үнемі эфир майы бөлініп тұрады. Сондықтан биота өскен жерде отырып демалған адамның денсаулығына пайдалы әсерін тигізеді. Биота қылқанының әдемілігіне және тез өсетіндігіне орай кең қолданысқа енген. Көгалдандыруда еліміздің оңтүстік қалаларынан кездестіруге болады.

Күтімі

Ылғалды, жылы жерді жақсы көреді. Жиі суғарып тұрмаса, қылқандары сарғайып, қурап қалады. Артық бұтақтарын кесу арқылы өсімдікті пішіндеп өсіреді. Оны қырқып-пішіндеген сайын бұтақтары тығыздалып, көбейе түседі. Қатты суыққа шыдамсыз.

Көбейтілуі

Тұқымы арқылы және жас бұтақтарын қалемшелеп көктемде және күзде көбейтуге болады.

Биота туралы тақпақ

Боп келеді Биота

Бозаршаның туысы.

Оны өсірген адамның

Денсаулығы жақсарып,

Кеңіп қалар тынысы.

Биота – белгілі бір аумақта тіршілік ететін әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың тарихи қалыптасқан топтары. Биотаның биоценоздан айырмашылығы биота құрамына бір-біріне ешқандай байланысы жоқ түрлер де кіреді (мысалы, аю мен балық, бақа мен жылан, т.б.).

<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 14 бISBN 978-601-7237-07-3 <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Биота|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}