Биологиялық әралуандылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биологиялық әралуандылық (Биологическое разнообразие) — түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы (әртүрлілігі). Қазіргі кезде әлемде 2,5 млн-дай түр белгілі, оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша, бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері олі толық анықталмаған. Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны — жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нөтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады. Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепе-теңдікті бұзып, көптеген экологиялық келеңсіздікке әкелуі мүмкін. Осыған орай бүкіл әлем қауымдастығы алаңдауда. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның "Қоршаған орта және даму" конференциясында биологиялық әралуандылық туралы әлемдік Конвенция қабылданды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Биологиялық әралуандылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}