Биологиялық ресурстар
Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстар — биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстар сан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйенің жойылып кетуі. Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>