Биологиялық белсенді заттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биологиялық белсенді заттар - организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар<ref>Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. 2-кітап - Астана: «Арман-ПВ» баспасы. 2008 ж. - 536 бет. ISBN 9965-861-72-2</ref>. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды ыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Дәрумендер - организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.

Дереккөздер