Бименбет Есенәліұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бименбет Есенәліұлы, Бала би (шамамен 1817, Қызылорда облысы Шиелі ауданы — 1887) — би, шешен.
Жасынан билік айтуға араласқандықтан, Бала би атанған. Бименбет бидің қоғамдық қызметін кезінде ақын Н. Бекежанов жырға қосқан. Досбол датқадан жасы үлкен, замандасы. Даудағы сөзді Бименбет бастап, Досбол түйіндеп отырған. Бименбет би қартайған шағында халқын жинап, төрт сұрақ береді де, ешкім таба алмаған соң:
- “Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім;
- Судан терең дегенім — оқу, ғылым;
- Оттан ыстық дегенім — фәни жалған, адамның өмірі;
- Көктен биік дегенім — тәкәппардың көңілі” деп, жауабын өзі айтады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>