Бижамал Рамазанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ramazanova.jpg
Бижамал Рамазанова

Бижамал Рамазанова (21.6.1927 ж.т., Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы) - қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының кандидаты (1970)

Өмірбаяны

  • 1942 жылы Түрген педагогикалық училищесінің қысқа мерзімді курсын бітірген.
  • 1959 жылы ҚазПИ-ді бітірген.
  • Еңбек жолын 1942 жылы бұрынғы Гвардия ауданының Шанханай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған.
  • Қаратал ауданы комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды.
  • Талдықорған қалалық комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды.
  • Талдықорған қалалық, Талдықорған облыстық атқару комитеттерінде лауазымды қызметтер атқарды.
  • Алматы облысы партия комитетінде (1959-1963) лауазымды қызметтер атқарды.
  • Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Төралқасында (1963-1975) лауазымды қызметтер атқарды.
  • республикалық Министірлер Кеңесінде (1975-1982) лауазымды қызметтер атқарды.
  • Зейнет демалысына шыққан соң Мәдениет қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру институтында, Алматы жол құрылысы институтында дәріс оқыды.
  • Қазір Алматы облысы Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі және Алматы қалалық жастарды патриоттық тәрбиелеу секторын басқарады.

Қоғамдық қызметтері

  • 1963–76 жылдары аралығында Азия және Африка елдері ынтымақтастығы Қазақ комитеті төрағасы, Кеңестік ынтымақтастық комитеті төралқасының мүшесі болды.
  • 1964-76 жылдары Кеңес әйелдері комитетінің мүшелігіне сайланды.
  • Бірнеше рет Кеңес Одағы қоғамдық ұйымдарының Азия және Африка елдеріне делегациясын бастап барып, халықаралық форумдарға қатысты.

Ғылыми жұмыстары

  • 4 монографияның авторы.

Марапаттары

2 мәрте "Қызыл Ту" және 2 мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.<ref>Жетісу энциклопедиясы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2004.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер