Бие сауым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бие сауым - уақытты білдіретін халықтық өлшем. Желілеп сауатын биелерді саууға жұмсалатын уақыт. Әлбетте бір биебауда орта есеппен 8-15 құлын байланады. Бие сауым - осыншама биені саууға кететін уақыт мөлшері. Құлындаған биені құлыны қарақұлақ болған кезден, яғни мамыр-маусым айларынан бастап, екі-үш ай бойы байлап, күніне шамамен 4-6 ретке дейін сауады. Бие көп болса желілеп сауады. Биенің әр сауымының арасындағы бір жарым, екі сағататай уақыт халықтық өлшемге негіз етіп алынып, бие сауым деп аталған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub