Бие байлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бие байлау- бие сауып, қымыз ашыту. Дәстүрлі ортаның бие байлап, қымыз сауу маусымында атқарылар еңбекке қатысты дәстүрінің ішіндегі салтанатты салтының осы бірі - бие байлау. Ел жайлауға шыққан кезде сауылатын биелерді бөле бастайды. Алдымен желі тарту үшін қазықтар қағылады, бірінші қазықты жылда арнайы қазық қағып жүрген тоқпақтың сабына ақ мата байлап, үлкен ақсақалдардың бірі қағу ишарасын жасайды. Желі тартқанда әрбір бес құлынның ортасына бір қазық қағылады. Желі маңы биебау деп аталады.

Әйелдер сабалар мен көнектерді әбден жуып, желінің басына кептіреді. Малым құт әкелсін деген ниетпен биебаудың үш қазығының, желі арқанның басына, айғырдың жалына, биенің сауырына сары май жағады.

Одан кейін шу асау құлындарды шалма, құрықтың көмегімен ноқталап желіге байлайды. Алғаш байланған құлындардың мойны созылып қалмас үшін үйренгенше үнемі бақылауда ұстайды. Құлындарды желіге байлаған соң, биебаудың шайын дайындайды. Желінің басына шай жасалып, жиналған жұрт құрт, ірімшік, тоқаш т.б. тамағымен келеді. Мұны «шашу шай» дейді. Желі басында жайылған дастарқанға үлкен-кіші, бала-шағалардың барлығы келеді. «Байлар көбейсін» деген игі ниетпен бата- тілектер айтылады. Бие бау батасы:

Я, Құдай жар болып, 
Ұзарта гөр желісін,
Кеңейте гөр өрісін.
Жирен сақал Қамбар ата,
Байталына құлын телісін.
Жазық жауынды болсын,
Биең сауынды болсын.
Жылқың көкке кенелсін,
Құлының сүтке бөгелсін.
Сақа айғырың кіндігінен,
Саба биең пұшпағынан құт болсын.
Сұрағанға бекер бер,
Сусағанға жеке бер.
Сабаң толы сүт болсын.
Құрығын сүйреткен ұрыңнан сақта,
Құйрығын сүйреткен бөріңнен сақта.
Назары аштың сұғынан сақта,
Сұғанақ көздің оғынан сақта. 
Қара тілдіден тіліккеннен сақта, 
Қалды көздіден көзіккеннен сақта. 
Қабағым деп шіренген байға да, 
Тамағым деп тіленген жарлыға да, 
Меймілдеп қымызың жетсін. 
Қамбар атаға дастарқан жайып, 
Биебауға тілеген тілегіңді, 
Қабыл етсін!

Биебаудан кейін қымыз ашытқан әрбір үй алдымен үлкен кісілерге, көршілерге арнайы әзірлеп, «қымызмұрындыққа» шақырады. Бие бас сауымнан кейін бір жарым, екі сағат аралатып сауылып тұрады. Бие күн шыға байланып, қас қарая ағытылады. Осындай үрдіспен бие шілденің басынан қоңыр күзге дейін байланады. Қыс мезгілінде қысырақ байлау арнайы жемдеу арқылы жүзеге асады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бие байлау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}