Бидас Рүстембекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бидас Рүстембекұлы (1951 жылы туған, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы) – жырау. Жиенбай жыраудың немересі, Рүстембек жыраудың баласы. Білімі орта, жастайынан ата-баба жолына түсіп, өлең айту және жыр жаттаумен айналысқан. Аудандық электр жүйесі саласында жұмыс істейді. Қармақшыдағы «Жиенбай жырау» мектебінің жетекшісі. Оның күйтабақтарға жазылған репертуарында атасы мен әкесінің жырлары, «Көрғолы» дастанының 5 саласы, т.б. бар. Рүстембекұлы Сыр бойындағы дәстүрлі жыраулық өнердің мақамын бұзбай айтушылардың бірі. Рүстембекұлы ақындар айтысына қатысқан (1980 – 87), 2-Бүкілодақтық халық шығармашылық фестивалінің лауреаты.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub