Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллин - 1955 жылы 31 шілдеде Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Қыстау Қарағай ауылында туған.

  • Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981),
  • Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтаған (1991).
  • 1980-1983 жылдары «Ленинская смена» (қазіргі «Экспресс-К») газетінде тілші, әдеби бірлестік жетекшісі, Қазақстан ЛКЖО ОК жанындағы республикалық жастар шығармашылығы бірлестігі төрағасының орынбасары,
  • 1983 — 1985 жылдары «Казахстанская правда» газетінде тілші,
  • 1985—1989] жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары,
  • 1997 жылдан шыға бастаған «XXI век» газетінің Бас редакторы болды.

Шығармалары

Алғашқы «Таңдау» атты әңгімесі 1981 жылы «Студенческий меридиан» журналында жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

  • «Өмірді түсінуге құштарлық» (1983),
  • «Жанымыздан тазалық арылмасын» (1983),
  • «Ғасырларға санамыз саяхаттап» (1985),
  • «Тәубеге келу» (1986),
  • «Тарих пен тарихилық» (1990), т.б. еңбектері жарық көрді.
  • Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Әбішевтің, Т.Кәкішевтің, С.Бердіқүловтың бірқатар мақалалары мен әңгімелерің сондай-ақ Х.Рақымовтың «Сеңгір сырлары» трилогиясының екі кітабын (1987, 1989),
  • Т.Жұртбаевтың «Алып тұлға» деректі повесін (1991),
  • Қ.Жұмаділовтың «Атамекен» романын (1992) орыс тіліне аударды.
  • «Режим и сопротивление» (2001),
  • «Серьезный разговор» (2008) кітаптарының авторы.
  • 2001-2004 жылдары АҚШ-тағы «Вашингтон пост», «Вашингтон таймс» басылымдарында мақалалары жарияланған.

Жетістіктері

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}