Бет жырту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бет жыртуқазаға қайғыру салты, ежелгі ғұн заманынан (б.з.б. 3 ғасыр) қазірге дейін сақталған, түркі халықтарының көпшілігіне ортақ ғұрып. Оның мәні адамды қадірлеуден, өлімге қимаудан, күйзелуден шыққан. Ер-азаматы не жалғыз ұлы өлген әйелдер шашын жайып, бетін жыртып, олар туралы жоқтау айтып, аза тұтып, дауыс қылғанда, бетінен қаны сорғалап отыруы тиіс болған. Орхон-Енисей жазбалары, Қытай деректері бойынша, көне түркілерде күйеуі өлген әйел ғана емес, өлген кісінің жақын туыстары да көріскенде бәкімен бетін тіліп қан шығарған. Әйелдерге, қыз балаларға қатты ренжігенде айтылатын “бетің тілінгір” қарғысы, “ең жақын адамыңнан айырыл” дегенді білдіреді. Бет жырту ғұрпы Түркі қағанаты кезінен қалған тас мүсіндерде, үй қабырғасына салынған суреттерде жиі кездеседі. Қазақтарда “Бет жырту” ғұрпы 20 ғасырдың басына дейін сақталып келгені жайлы мәліметтерді орыс саяхатшыларының жазбаларынан кездестіруге болады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бет жырту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}