Бетін қақпады

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бетін қақпады - тыйым салмады, еркіне қоя берді деген ұғымды білдіреді. Ертеде баланы, әсіресе шаңырақ иесі сүткенжені өжет болсын деп тым еркелетіп, бетінен қақпай өсірген. Ата-ана баласын «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірдім» деп марқаяды. Қалағанын істетіп еркін өскен азамат ел үмітін түбінде ақтайды, алған бетінен қайтпайтын өр болады, «басына ноқта кимеген, көзіне қамшы тимеген» азамат, айбарлы да өжет тұлға боп өседі деп санаған. Әйткенмен қазақы педагогика бойынша жас бала белгілі дәрежеде «ананың алақанын, әкенің шапалағын» көріп өсуге тиіс болған. Алайда бұдан шапалақ бала тәрбиесінің негізгі тәсілі деген жаңсақ ұғым тумаса керек. Керісінше қазақ ортада әке ешқашан да баланы бетінен ұрмайтын, тек ерекше жағдайда ғана, яғни бала шектен шықты дегендей ахуалда ғана оның құйрығынан шапалақтап жасқайды. Қазақ ұғымында бетке ұрған шапалақ баланың бақытын ұшырып, жасқаншақ етеді деп есептеген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бетін қақпады|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}