Беттік ағыс
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Беттік ағыс — судың табиғаттағы айналым процесінде жер бетімен ағу нысанында орын ауыстыруы. Теңіз немесе көлдің беткі қабатының қозғаушы күш негізгі жел болып табылатын ілгерілемелі немесе айналмалы қозғалысы. Кориолис күшінің әсерінен Б.а. Солтүстік жарты шарда жел бағытынан оңға, ал Оңтүстік жарты шарда солға ауытқиды. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>