Бетперде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бетперде - ертеде өлік жөнелту салтында мүрденің бетіне жапқан ғұрыптық орамалдың немесе кездеме бұлдың атауы. Байырғы кезде көшпелі жұрттардың жерлеу салтында қолданыс тапқан ақыреттік зат түрлері: ауызтартқыш тарту, көзілдірік кигізу сияқты бағзыдағы салттан қалған бұйым.

Археологиялық қазбалар барысында Іле бойынан табылған алтыннан құйылған маска, Тұрпан шұратындагы Астана қорымынан шыққан тоқыма бұйымдардан тігілген түрлі бетперделер мен көзілдіріктер осы ғұрыптын ежелден бастау алатындығын айғақтайды. Ақыреттік маскалар көбінесе гипс я болмаса сағыз топырақтан немесе қыштан, бұлдан, тастан, темірден жасалған. Бетперде өлілер мен тірілер арасындағы шекараның символдық бейнеленуі. Осы ғұрыпты қазақы ортада өліктің бетін жасыру деп те атайды. Бетперденің ертеде қазақтар ғұрпында да болғандығын мадиярлардың көне жерлеу ғұрпын түркі хапықтарымен шендестіре зерттеген венгр ғалымы Бенко Михай еңбектерінде айтылады. Ол өліктің бетіне жабылатын «жібек бетперденің» Моңғолиядағы қазақтар арасынан кездестіргенін айтады. Ондағы бетперде бір құлашқа жуық шаршы жібектен жасалған. Оның бетке келер тұсынан екі көз, ауыз орны тесіліп, ауыз, көз пішінін қайталаған алтын сақиналар орнатылған. Алайда өте сирек кездесетін бұл жайт зерделі зерттеуді қажет етеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бетперде|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}