Бетон бөгет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бетон бөгет - өзен суының деңгейін көтеру, имарат орнатылатын жерде арынды шоғырландыру үшін немесе су қоймасын жасау үшін өзенді (не басқадай ағын суды) бөгейтін гидротехникалық имарат. Бөгеттер технологиялық пайдаланылу мақсатына қарай төменгі бъефте су қашыртқысы болмайтын тұйық және өзінен төменгі бъефке су асыратын су қашыртқылы болып бөлінеді. Ысыру күшін тежеу сипатына қарай гравитациялық, аркалық және контрфорсты бөгеттер болады. Биіктігіне қатысты бетон бөгеттер төмен арынды (10 метрге дейін), орташа арынды (10 м-ден , 50 м-ге дейін) және жоғары арынды (50 м- ден артық) болып сараланады. Бөгет денесі мен табанынан су сүзілуге қарсы жүргізілетін шаралар: 1) сүзілуге қарсы жасалатын инъекциялы перде; 2) жұқа қабырға түріндегі перде; 3) шпунттар; 4) понурлар; , 5) табанын көріздеу. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Бөгет


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бетон бөгет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

my:ဆည်