Бетке шымылдық тұтып әкелу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бетке шымылдық тұтып әкелу - неке салтындағы рәсім. Ұзатылып келе жатқан қалыңдық күйеуінің елі шегіне жеткенде алдынан жас келіннің абысын-ажындарының бірі жорға мініп шығады да, басына шәлі жауып, алдына шымылдық тұтады. Қалған жастар келін алдынан шымылдықты ұстап жүріп ауылға жаяу апарады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>