Бетке түкіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бетке түкіру - ұрмай-соқпай, балағаттамай қорлаудың, есе қайтарудың немесе масқаралаудың бір жолы. Орынсыз жәбірленген, әлі келмегендіктен, амалы құрып, зығырданы қайнаған адамдар өзіне зәбір көрсеткен, өлімжеттік жасаған адамның бетіне түкіріп, есе қайтарады. Адамды қорлаудың сорақы түрі саналатын мұндай әрекет жұрт көзінше жасалса, ұрыс-керіске ұласып, ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар бетке түкіру ру-қауым алдында қылмыс жасап масқара болған адамды билер сотының немесе ақсақалдар кеңесінің шешімі бойынша жазалаудың моральдық-этикалық тұрғыдан ең ауыр элементтерінің бірі болды. Мысалы, осындай шешіммен есекке немесе өгізге теріс мінгізілген айыптының бетіне дүйім жұрт болып түкірген. Бұндай қылмысы әшкере болған адамды беті айдай болды дейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бетке түкіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}