Беташар табақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беташар табақ - беташар атқарылғаннан кейін ет тарту сәтінде келінге бөлек тартылатын табақ. Оған үлкендер жағы «ұл тaп, тестей қайқайып жүріп қайын жұртыңа қызмет ет, тастай бат, судай сің» деп тілек тілеп, ырымдап, ұлтабар мен тәстің басын салып береді. Келін бұл табақка сәлем салып, тағамды қабылдайды. Халық ұғымынша көк бауырды «жарыңмен ажырасасың» деп ырымдап, келінге бермеген. Қазақтың келін түсіру салтында, келіннің бетін ашқан жігітке арнап сыйлайтын асты да беташар табақ деп атаған. Беташар табаққа тіл-жақ, жүрек-бауыр, ортан жілік, жауырын, белдеме, арқа, қабырға салып, үстіне таңдай қосады. Табақ үстіне әдемі кестелі қолжаулық жабады, болса күміс жүзік, теңге қояды. Бет ашқан жігіт жолдас-жораларымен отырып, теңгені, жүзікті, ққолжаулықты бөлісіп алады да, бата жасайды. Әнші жігіт таңдайым тақылдасын деп, алдымен таңдайды алып жейді. Қалған етті даяшы нөкерлерімен бәрі бірігіп бөліседі. Дәстүрлі ортаның табаққа тіл-жақ, таңдай тартуы «шешен, әнші болыңдар, бұлбұлдай сайраңдар, тілдеріңнен бал тамсын, келіннің беті жарық, жолы ашық болсын», жүрек салғаны «жүрек таза, ниет ақ болсын», бауыр салғаны «бауырдай жақын болыңдар, сұмпайы тіл болмасын» деген тілекті ғұрыптық сөзбен білдіргені.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Беташар табақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}