Бесөгіз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бесөгіз – Солтүстік Үстірттегі терең құдықтар. Олар Төлеп темір жол бекетіне жақын, Жолбаян шыңырауынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1851 ж. деректерде тереңдігі 8 сажын, тасы шегенделген, бір кезде 1 мың жылқы, 400 түйені сумен қандыра алатын мол сулы 12 құдық деген мәліметтер қалған. Ел аузында құдықшыға 5 өгіз беріп қаздырған себепті, солай аталған деген дерек бар. Ғылымда Маңғыстауды туыстас 5 оғыз (қазақтар оларды бес өгіз елі деп те атайды) тайпасы келіп мекендеген кезеңнен қалған атау дейді. Қазір жақын құдық Тәңке атымен қосақталып, Бесөгіз – Тәңке деп аталады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub