Беріш ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беріш, медицинада — тері астында қатып қалған ісік, өлі ет, шор. Өлі ет — организмнің, бір мүшенің немесе тіннің, клетканың бір бөлігінің жансызданып шіруі. Жарақаттанудан (үсу, күю), жүйкенің жаншылауынан, уланудан, туберкулез, мерез, т.б. жұқпалы аурулар салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай-ақ, гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады (қ. Гангрена, Миокард инфарктісі). Өлі еттенген мүшелердің тіндері мен клеткаларының қан айналысы, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, клетка аралық заттары өзгереді. Мұның салдарынан қоректік заттардың келуі азайып, тіршілік әрекеті кемиді. Сөйтіп, тін клеткаларының ядросы мен цитоплазмасы бүрісіп кішірейеді. Өлі ет, көбінесе, ұзаққа созылған аурудан әлсіреген адамдарда жиі кездеседі. Өлі еттенген тінге хирургиялық операция жасайды, науқасқа антибиотиктер, организмді әлдендіретін витамині көп тағамдар береді.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Беріш ауруы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}