Бертіс
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бертіс – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы түбек. Балқаш көлі мен Шашубай кентінің арасында орналасқан. Аумағы 18,7 км2, ұзындығы 7,5 км, ені 2,5 км. Жер бедері – аккумуляттік жазық. Орта және жоғарғы тас көмір кезеңі жүйесінің гранитінен, құмтасынан, тақтатасынан, әктасынан түзілген. Олардың бетін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жауып жатыр. Түбекте шөлге тән сортаңды сұр қоңыр топырақ қалыптасқан. Баялыш, сұр жусан, т.б. шөлейттің сортаң өсімдіктері өседі.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>