Бернал Джон Десмондт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

БЕРНАЛ Джон Десмондт (1901 - 71) - ағылшын физигі және қоғам қайраткері, "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Халықар. лен. сыйл. иегері (1953). Лондон корольдық қоғамының (1937), бірқатар елдердің ғылыми академиялардың, оның ішінде бұрыңғы КСРО ғылым академиясының (1958) мүшесі. Бүкіл дүниежүзіндегі бейбітшілік кеңесінің атқарушы-президенті болды. Физ. биохим. кристаллография саласындағы зерттеулерінен басқа Бернал қаламынан жалпы ғылымның жетістіктерін қорытындылайтын, оның философиялық мәні мен адамзат тарихындағы ролін ашатын еңбектер туды. Ғылым тарихына талдау жасауға Бернал диалект, материализм тұрғысынан келеді. "Соғыссыз әлем" (1958) кітабы ғылым жеңістерін адам игілігі үшін бейбіт мақсатқа пайдалану перспективаларын суреттеді.

Еңбектері

  • "Ғылымның әлеуметтік функциясы", 1939;
  • "Ғылым мен қоғам", 1953;
  • "Қоғам тарихындағы ғылым", 1954.

Дереккөздер

<ref>"Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік</ref>