Берелдің ақ мөлдір сулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Берелдің ақ мөлдір сулары» фильмі – "Қазақтелефильм" студиясының 3 бөлімді, түрлі-түсті қазақ-орыс тілдеріндегі фильм-портреті (1992) <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

Кинотүсірілім аса дарынды қаламгер Оралхан Бөкеевтің шығармашылық өмір жолы мен оның кіндік қаны тамған, табиғаты тамаша Алтай өлкесі туралы сыр шертеді. Мұнда жазушыға шабыт берген осы өңірдің, ойды өрге сүйрейтін тау-тастары мен ауасы, қою қарағай, шыршалы орман-тоғайлары киноны көркемдей түседі. Режиссер Ж. Таллай.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}