Берг мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық Берг мұздығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Лепсі алабындағы Балақора өзенінің бастауында. 1947 жылы мұздыққа көрнекті географ-ғалым Л.С.Берг есімі берілді.

Аумағы

Мұздықтың ұзындығы 8 км. ашық жатқан бөлігі 6,5 км. Жалпы ауданы 16,7 км2, орташа қалыңдығы 80 м, көлемі 1,83 км3, фирн алаңы 8,0 км2, мұз тілінің ашық жері 6,3 км2, моренамен жабылып жатқан жері 2,3 км2. Фирн сызығы 3570 м биіктіктен өтеді, ең биік жері 4093 м шамасында. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер