Бенжамин Констан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer Анри-Бенжамен Констан де Ребек Үлгі:Lang-fr (25 қазан 1767, Лозанна, Швейцария—8 желтоқсан 1830), швейцарлық философ әрі жазушы, публицист, буржуазиялық-либералдық топтың өкілі. Француз революциясы, бонапартизм мен Реставрация кезеңінің саяси қайраткері ретінде әрі жазушы Жермена де Стальдың азаматтық күйеуі ретінде де танымал.

Констан әрдайым либералдық көзқарастарымен ерекшеленді. 1767 жылдың 25 қазанында Лозаннада (Швейцария)Франциядан Нант эдикті ауысқаннан кейін кетіп қалған гугеноттар әулетінде дүниеге келді. Жас кезінде көп саяхаттап, әкесімен бірге Швеция мен Англияда болды, кейінірек бірнеше рет Париж бен Германияда болды.<ref>История зарубежной литературы ХУІІІ века. Под ред. В.П.Неустроева, Р.М.Самарина. Издательство Московского университета, 1974</ref> 12 жасында 5 өлеңнен тұратын «Рыцарьлар» атты батырлық романын жазды. Үйге мұғалім жалдап оқу арқылы тамаша білімге қол жеткізді. Кейін Эрланген (Бавария), одан соң Эдинбург университетін (Шотландия) бітіреді. Эдинбург университетінде А.Смиттен дәріс алды. 1788 жылдан бастап камергер, одан герцог Врауншвейгскийдің кеңесшісі қызметін атқарды. Сарайдағылар оны якобиндық ретінде қабылдайды. Шынында да, Констан 1789-1794 жылғы француз революциясын «қорқынышпен» үрке қабылдаған болатын. Ал Людовик ХУІ мен Мария Антуанеттаның өлімі оны мүлде якобиндық диктатура формасына енген революциядан жирендіріп жіберді. Ол кейіннен бірнеше рет революцияның қатігездігін сынға алып жүрді. Террор аяқталғаннан кейін Парижге келіп, имение сатып алып, француз азаматтығын қабылдайды. Осы 1795 жылы жазушы Жермена де Стальмен танысады. «Қазіргі француз үкіметінің күші және оны қолдаудың қажеттілігі туралы» алғашқы публицистикалық туындысы «Монитор» атты үкімет газетінің бірнеше санында басылып отырды (1796).<ref>Артамонов С.Д. История зарубежной литературы ХУІІ-ХУІІІвв. Москва, Просвещение, 1988</ref> 1796-1797 жылдар аралығында Констанның алғашқы брошюралары жарық көре бастады. «Террордың зардабы» атты брошюрасында автор террордың революцияға тигізген зардабын, республика террордың арқасында емес, керісінше, өз күшімен аман қалғандығы жөнінде жазады. 1814 жылы жарияланған «Саяси реаккциялар туралы» брошюрасында Констан саяси топтардың ішкі күресінің салдарынан әскери диктатура болатындығы жөніндегі қорқынышын жазады. Констан көп жылдарға Франциядан кетіп (1803-1813) саяхаттап, Германия, Италия, Австрияға барады. Веймарда әдебиет әлемінің алыптары Гете, Шиллер, Сисмондилармен танысады. Констанның бұл кезеңдегі шығармаларына «Валленштейн» трагедиясы мен «Валленштейн» трагедиясы және неміс театры туралы ойлары» атты жұмысы жатады. 1813 жылғы Наполеонның жеңілісі Констанды «Жаулап алуға деген құштарлық және узурпация мен олардың еуропалық цивилизацияға қатысы» атты трактатын жазуға итермелейді. Констан бұл трактатты император Александр І-ге жолдайды. Император бұл еңбекті жақсы қабылдап, 1815 жылғы екеуінің жеке кездесуінде Констанды орденмен марапаттауға уәде де береді. Бірақ бұл уәдесі жүзеге аспайды. Аталмыш трактатында Констан жаулап алушылық саясаттың іске аспау себебі – бейбітшілікке, ынтымақтастық пен тыныштыққа ұмтылған Еуропаның «жаңа» халқының көңіл-күйінде деп түйіндейді. 1814 жылдың 15 сәуірінде Парижге қайта оралған Констан конституциялық монархия мен Бурбондардың жалынды жақтаушысына айналады. 1819 жылы депутаттар палатасынан орын алады. «Франциядағы партияларды біріктіре алатын саяси доктрина туралы» брошюрасы көпшіліктің көңілінен шығады. Осы уақытта оның баспадағы жұмысы басталды; 1818 жылдың ақпанынан 1820 жылдың наурызына дейін либералдық қозғалыстың көрінісі ретінде «Тәуелсіздер» партиясының баспа органы – «Француз Минервасы» атты журнал шығып отырды. Журналда Констаннан басқа Жуй, Лакретель-үлкен, Тиссо, Эварист-Демулен, Беранже т.б. қызмет атқарды. Кейіннен Констан өзі «Реноме» (1820) атты журнал шығарды. Сонымен бірге, ол конституциялық сұрақтарға арналған қорытындыланған еңбегі «Конституциялық саясаттың курстарын» (1816-1820) аяқтайды. Оған аталған мәселеге байланысты негізгі еңбектері: статьялары, сөздері, басқа да материалдары енгізілді. 1824 жылдың наурызында Констан Парижден депутат палатасына сайланады. Бұл оның саяси карьерасы мен баспагерлік жұмысының тамаша кезеңі болды. Констан даңқтың ең жоғарғы шегіне жеткенде дүниеден өтеді. 27 тамыздағы Шілде революциясы мерекесінен кейін Констан Мемлекеттік кеңестің президенті болып тағайындалады; ал 1830 жылдың 8 желтоқсанында көз жұмады. Констан көзі тірісінде жарық көрген жалғыз романы «Адольфпен»-ақ өз кезіндегі әдебиет әлемінен өзіндік орнын алды. Бұл роман 1806 жылы жазылғанымен, Констан оны бастырып шығаруға асықпайды. Көп уақытқа дейін Констанның басқа романдары жөнінде ешкім ештеңе білген жоқ. Тек XX ғасырда ғана «Қызыл дәптер» және «Сесиль» романдары табылды. «Менің өмірім» деп аталатын еңбегі 1907 жылы табылып, жарияланды, ол бүгінде «Қызыл дәптер» деген атпен белгілі. Марк-Родольф Констан 1951 жылы Лозанна қаласы кітапханасының отбасылық архивінен Бенжамен Констанның «Сесиль» атты аяқталмаған романын тауып алады. Бұл үлкен сенсация болды. Роман аяқталмай қалған, бірақ оның көркем тілін француздың психологиялық прозасының үздік үлгісі деп тануға болады.<ref>Зарубежная литература. С.В.Тураев, И.Б.Дюшен, Г.А.Могилевская, А.А.Тахо-Годи. Москва, Просвещение, 1975</ref>

Дереккөздер

<references/>