Бенгал тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бенгал тілі немесе бенгали (бенгалша: বাংলা[</span>ˈbaŋla]?) — Бенгалдардың тілі. Үндіеуропа тіл шоғырының Үнді тілдеріне жатады. Бангладеште және Үндістанның Батыс Бенгалия штатында кең таралған. Бұдан бөлек, бұл тілде сөйлейтіндер Трипура, Ассам секілді үнді штаттарын және Андаман және Никобар аралдарын мекендейді. Бенгал тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны — шамамен 250 млн адам (2009). 

Географиялық таралуы және мәртебесі 

Сурет:Bengalispeaking region.png
Бенгалиядағы таралуы
Сурет:Languages of Bangladesh map.svg
Бенгал тілі және басқа да Бангладеш тілдері

Бенгал тілі тарихи түрде Оңтүстік Азияның солтүстік-шығыс бөлігінде таралған. Бұл аумақ Бенгалия деген атпен белгілі. Бұл тіл Бангладештің ұлттық әрі мемлекеттік тілі. Онымен қоса Үндістанның 23 мемлекеттік тілдерінің қатарына кіреді. Үндістан штаттарының ішінде Батыс Бенгалия (штатта бенгал тілін қолданушылар саны 85 %-тен астам) және Трипурда (67 %-тен астам) ресми статусқа ие. Сондай-ақ қолданушылардың біраз бөлігі Үндістанның Ассам (шамамен  28 %) және Джаркханд (10 % шамасында), Андаман және Никобар аралдары (26 % жуық), Аруначал-Прадеш және Мизорам (9 % шамасында) штаттарында, сондай-ақ Таяу Шығыс, Малайзия, Жапония, Италия және Ұлыбританияда иммигранттар популяцияларында қоныстанған. Бенгал тілі шамамен жер шарындағы 200 млн адамның ана тілі және сөйлеушілер саны бойынша 6 орында орналасқан.

Тарихы

Бенгал тілінің ежелгі тарихы X—XII ғасырлардан бастау алады. Бенгалияның Үндістан мен Пәкістан арасында бөлінуінен кейін (1947) Бенгалияның (Шығыс Пәкістан, кейін Бангладеш) шығыс бөлігінде араб-парсы лексикасының қолданылуы айқын байқалды.  

Бенгал тілінің тарихы 3 кезеңге бөлінеді <ref>Лингвистиканың энциклопедикалық сөздігі</ref>:

  • Ескі бенгал
  • Орта ғасырлық бенгал (XIV ғасырдан бастап)
  • Жаңа бенгал ( XVIII ғасырдың аяғынан бастап).

Морфология

Үлгі:Толықтыру

Сан есім

  1. Êk
  2. Dui
  3. Tin
  4. Char
  5. Pãch
  6. Chhôe
  7. Shat
  8. At
  9. Nôe
  10. Dôsh

Қосымша әдебиет

  • Быкова Е. М., Бенгальский язык, М., 1966;
  • Alam, M. 2000. Bhasha Shourôbh: Bêkorôn O Rôchona (The Fragrance of Language: Grammar and Rhetoric). S. N. Printers, Dhaka.
  • Cardona, G. and Jain, D. 2003. The Indo-Aryan languages, RoutledgeCurzon, London.
  • Chatterji, S. K. 1921. Bengali Phonetics. Bulletin of the School of Oriental and African Studies,
  • Chatterji, S. K. 1926. The Origin and Development of the Bengali Language: Part II. Calcutta Univ. Press.
  • Ferguson, C. A. and Chowdhury, M. 1960. The Phonemes of Bengali, Language, Vol. 36, No. 1, Part 1. (Jan. — Mar., 1960), pp. 22-59.
  • Hayes, B. and Lahiri, A. 1991. Bengali intonational phonology, Natural Language & Linguistic Theory, Springer Science.
  • Klaiman, M. H. 1987. Bengali, in Bernard Comrie (ed.), The World’s Major Languages, Croon Helm, London and Sydney, pp. 490-513.
  • Masica, C. 1991. The Indo-Aryan Languages. Cambridge Univ. Press.
  • Radice, William. 1994. Teach Yourself Bengali: A Complete Course for Beginners.Hodder Headlin, Ltd., London.
  • Ray, P, Hai, M.A. and Ray, L. 1966. Bengali language handbook. Center for Applied Linguistics, Washington.
  • Sen, D. 1996. Bengali Language and Literature. International Centre for Bengal Studies, Calcutta.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Үндістан тілдері