Бел (өлшем бірлік)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бел(Б, В) – логарифмдік салыстырмалы шаманың (аттас екі физикалық шама мәндерінің ондық логарифмдерінің қатынасы) бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі. Америкалық ғалым А.Г. Беллдің құрметіне аталған. Әдетте белдің үлестік бірлігі — децибел (дБ) жиі қолданылады. Р2=10Р1 болғанда: 1Б=lg(Р2/Р1), мұндағы Р1 және Р2 — қуаттың, энергияның, т.б. физикалық шамалардың екі мәні. Бел бірлігі физика мен техниканың көптеген саласында (акустика, радиотехника, т.б.) қолданылады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>