Бельгия: баспасөз, радио, теледидары
Бельгия: баспасөз, радио, теледидары – 1968 жылы Бельгияда 50-ге жуық күнделікті газет, 53 апталық және айлық басылымдар шығып тұрды <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.
Француз және фламанд тілдерінде шығатын ең ірі газеттері: Бостандық және прогресс партиясының органдары "Суар" ("Le Soir", 1887), "Стандарт" ("De Standaard", 1915), "Хет латсте ньивс" ("Het Laatste Nieuws", 1888), "Дерньер эр" ("La Derniere Heure", 1906); Элеуметтік-христиан партиясының органы "Либр Бельжик" ("La-libre Belgique", 1884); Бельгия социалистік партиясының органдары "Фолкс-газет" ("Volksgazet", 1914), "Пепль" ("La Peuple", 1885); Бельгия компартиясының органдары "Драпо руж" ("Le Drapeau Rouge", француз тілінде, 1921); "Роде ван" ("Rode Vaan", фламанд тілінде, 1921) т.б. Бельгияда радиохабар 1924 жылы, телехабар 1953 жылы беріле бастады. Бұларға Ұлттық радиохабар және телевизия институты басшылық етеді.
1960 жылы оның жанынан қоғамдық екі мекеме француз және фламанд тілдерінде хабар тарату институттары құрылды. Радио және телевизия орталықтары Брюссельде ораналасқан. Бельгияда екі франкофондық және екі фламардиялық қоғамдық телебағдарлама бар. Жарнаманы пайдаланбайды. Оларда тәуелсіз теледидар жоқ, алайда көрермендер Люксембургтің коммерциялық станцияларын қабылдау мүмкіндігіне ие. Теледидары – Радио-Телевизъон Бельж де ла Коммюноте Кюлыпюрелъ Франсэз (Radio-Television Beige de la Communaute Franscaise) — бағдарламаларын француз тілінде жүргізеді, ал Белъгисе Радио эн Телевизи бағдарламаларын (Beglische Radio en Televisie BRT) нидерланд тілінде жүргізеді. Мемлекеттік қызмет аткарады.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала