Белорус әдебиеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белорус әдебиеті - Славян тілдерінің шығыс тобына жататын белорус тілінде қалыптасқан әдебиет.

М.Әуезов Мәскеу мемлекеттік университетінде «КСРО халықтары әдебиеті» курсы бойынша арнайы лекция оқыды. Дәрістің бір сабағын белорус әдебиетінің тарихына арнады. Ал өзінің «КСРО халықтары әдебиеттерінің өркендеуі» атты мақаласында Францишек Богушевичтің шығармашылығына, «Мұжықтың көргені», «Ол келе жатқан кім!» поэмалары белорус халқының ұранына айналған Янка Купаланың поэзиясына, белорустың жаңа әдебиетінің іргесін қалаушы Якуб Коластың туындыларына кеңінен талдау жасап, әділ бағасын берді<ref>М.Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы, 1985, 19-том, 438-бет</ref>.

Әуезовтің «Бүркітші» әңгімесі «Полымя» журналының 1967 ж. 11-санында В. Никифировичтің аударуымен белорус тілінде жарық көрді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons