Белдікгүлділер тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сурет:Psittacanthus-on-a-tree.jpg
Белдікгүлділер тұқымдасы.

Белдікгүлділер тұқымдасы (Loranthaceaе) – қос үйлі, көп жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, 30 – 60 туысқа бірігетін 900-дей түрі белгілі. Бұлар қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтары мен діңдерінде, кейде олардың тамырларына жабысып өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Белдікгүлділер тұқымдасының 1 туысы Арцеутобиум (Arceuthobіum) және оның 1 түрі Арша арцеутобиумы (A. oxycedrі) Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньда өседі. Биіктігі 20 см. Бүйірінен қысыңқы сабағы болады. Қарама-қарсы орналасқан етті, мәңгі жасыл жапырағы кейде қабыршаққа айналып кетеді. Гүлдері негізінен қос жынысты, олар жапырақ қойнауларынан жетіліп, масақ тәрізді гүлшоғырын түзеді. Аналық гүлде гүл тұғыры аналық түйінімен кірігіп кеткен. Бос гүл қоршауы қарапайым тостағанша тәрізді жапырақшалардан, ал аналық гүл қоршауының жоғарғы жағы екі бөліктен тұрады. Тұқым сағағы мен тұқым бүршігі аналық түйінінде емес, ұрық қалтасында, ал аталықтары гүл қоршауы жапырақшаларының ішкі бетінде жетіледі. Аталығының да, аналығының да саны 2 – 5. Тамызқыркүйекте гүлдеп, жемістенеді. Жемісі алдамшы жидек тәрізді, түсі көкшіл болады. Жемісінен бөлінетін висцин деген кілегейлі зат арқылы өсімдіктің тұқымы ағаш қабығына жабысады. Ол зардаптаған өсімдік кеуіп қалады.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Белдікгүлділер тұқымдасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}