Белдемелеп тарту
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Белдемелеп тарту - атпен ауыр затты сүйреуде қолданылатын тәсіл. Сүйретілетін затқа байланған арқанның екінші ұшын үзеңгі астынан өткізіп, ердің үстінен алып, ат төсін орай бірнеше қабаттап қатты тартып, қайта апарып осы арқанға бекітеді. Бұл тәсіл ер-тоқым мен айыл-тартпаның үзіліп кетпеуін қамтамасыз етеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>