Белбеумен бел буу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белбеумен бел буу - аза тұту кезінде жасалатын рәсім. Марқұмның туыстары басқа түскен қайғыны білдіру үшін белін бекемдеп белбеумен буған. Дегенмен бұл рәсім белгілі бір өңірлерде ғана сақталып қалған. Дәстүрлі ортадағы әйелдер жоқтауында «Белімді бекем буайын, қойдан да жуас болайын...» деп келетін жолдар кездеседі. Бұл метафоралық образды сөз өзімді өзім ұстайын, қайғымды басайын, басқаларға да басу болсын дегенді білдіреді. Жақынын жоқтап, «ұзақ егіліп жылаған әйелдердің бауыры іседі» деп, сақтық үшін апа-әжелер әйелдің белін будырады. Жетісу өңірінде қайтыс болған адамның жақын туысқандары ақ белбеу буынып жүреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Белбеумен бел буу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}