Белағаш Дала
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Белағаш — Ертіс өзенінің оң жағалауындағы дала. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр. Ені 30 — 60 км. Абсолюттік биіктігі 225 — 240 м. Шет жағы орта және жоғарғы төрттік кезеңнің шөгінді жыныстарынан, ортасы пермь мен таскөміркезеңінің интрузивті тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігі биік жарқабақты, солтүстік-шығысқа қарай біртіндеп аласарады, жері қызылқоңыр топырақты. Онда селеу, бетеге, шайқурай, тал, жан-жағын қоршай шоқ қарағай орманы өседі.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>