Белая Вежа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белая Вежа - Саркел (түркіше — “ақ сарай”, “ақ қамал”) — Хазар қағанатының Дон өзені бойындағы ірі қалалары бірінің орны. Ортағасырлық (8 — 10 ғасырлар) Салтово—Маяц мәдениетіне жатады. Белая Вежаның қираған орны Цимлян су қоймасы жасалғанға дейін сақталған. 1930 жылдан кейін М.И. Артамонов, П.А. Раппопорт, О.А. Артамоновалар зерттеді. Саркел 9 ғасырда бой көтерген. 10 ғасырдың соңына қарай орыс князі Святослав жаулап алғаннан кейін, атауы Белая Вежа болып өзгерген. 12 ғасырдың басында Руське қыпшақтардың шабуылының күшейген кезінде қала тіршілігі тоқтаған. Қала орнының аумағы 200-130 м, төртбұрышты, мұнаралары көп, қалыңд. 4 метрлік мықты дуалмен қоршалған. Қала өзен мен қолдан қазылып су жіберілген ордың арасындағы жасанды аралда орналасқан. Қамалды салуға византиялықтар қатысқанымен, оның сыртқы қабырғалары іргетассыз, жергілікті “далалық” үлгіде тұрғызылған. Көлденең қабырға арқылы қала екіге бөлінген. Түкпірде, оңтүстік-шығыс бөлігінде цитаделі бар. 100-ден астам үйлердің орны қазылды. Арасында “киіз үйдің” орны тәріздес дөңгелек, сопақша, кейде екі бөлікті үйлер, сұлбасын шарбақтан жасап, сыртын балшықпен сылаған құрылыстар, төртбұрышты келген, екі жақты құлама шатырмен жабылған жертөлелер бар. Қала халқы әуелгі кезде түркілер мен аландардан тұрған. Кейін славяндар келіп қоныстанған. Табылған теңгелер қаланың Византия, Қырым, Кавказ, Орталық Азия елдерімен тығыз экономикалық байланыста болғанын көрсетеді. Тұрғындардың арасында құмырашы, ұста, қару-жарақ шеберлерінің үлкен топтары болғанын дәлелдейтін деректер мол. Жалпы жазба деректердегі Белая Вежа туралы мәліметтер мен археологиялық айғақтар бір-бірімен сәйкес келеді.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Белая Вежа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}