Бекі (ауру)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Бекі — шілдеде орман-тоғайда жайылған жылқыларда кездесетін ауру. Жаздың ыстығында қозып, түнде толастап, күндіз ауыртатын, шоқтық, қол, арқа, сауыр тәрізді етті бөлігінен қан тамшылап білінетін ауру. Жылқышылардың айтуынша, тай құнандар сақаумен, кәрі жылқылар бекімен ауырған. Мұны кейбіреулер қанның тазаруына жорыса, емшілер оны ой жердеті бөгелектен, қара ала шыбыннан жұғатын ауру дейді. Оны дауалау үшін қабыршақтанған жараның аузын тіліп қанын ағызып, айранның сары суымен жуып тазалайды да, тезектің ыстық күлін сеуіп отырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub