Бекітпе материалдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекітпе материалдары — бекітпелерді дайындау үшін қолданылатын материалдар. Олар: ағаштың кейбір түрлері, металл, бетон, темір-бетон, табиғи және жасанды тастар, шыны мата, шыны пластигі. Бекітпе материалдарды оның құрылысына, қолданудың ұзақтығына, қазбалардағы жұмыс ыңғайына, тау-кен қысымына, бекітпенін қолданылуы жағдайына байланысты таңдалынып алынады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>