Бектұр Төлеуғалиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бектұр Төлеуғалиев (1940 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – кәсіподақ қызметкері, қоғам қайраткерi, жазушы (Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi).
Өмірбаяны
- Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумын (1968) бітірген.
- Мәскеудегі Шверник атындағы кәсіподақтардың жоғары мектебін бітірген.
- 1960 – 1978 жылдары Маңғыстау ауданы кеңшарларында бас инженер
- 1978 – 1980 жылдары «Куйбышев» кеңшарында партия комитетінің хатшысы
- Маңғыстау аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі
- 1980 – 1991 жылдары «Октябрьдің 50 жылдығы» кеңшарының директоры
- 1991 – 2004 жылдары Маңғыстау облысы кәсіподақ комитетінің төрағасы
- 2004 жылдан Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.
Шығармалары
- «Бас сардар»
- «Балдағы алтын ақ болат» тарихи романдар
- «Адай тарихы сыр шертеді» атты роман-эссенің
- бiрнеше повестiң авторы.
Марапаттары
- ҚР-ның "Мәдениет қайраткерi"
- "Құрметтi журналисi".
- Маңғыстау облысының "Құрметтi азаматы".
- "Лениннiң туғанына 100 жылдығы" медальі
- "Еңбектегi ерлiгi үшiн" медальі
- төрт рет Елбасының Алғыс хатымен марапатталған.
- Көптеген төс белгiлердiң иесi.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>