Беклер бегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беклер бегі немесе Бектердің бегі (османша:بكلربكی = Beylerbeyi) - ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер. Алғашқы түркі тайпаларында сайланып қойылатыын атақ пен қызмет орны болса керек. Осы мағынада ұлыс бегі, ел бегі және ұлы бек деген терминдермен мәндес болған сияқты. Кейін Беклер бегі атағы мен қызметі түрік халықтары елдерінде кең тарап, ханның арнайы жарлығымен беріліп, тағайындалған. Беклер бегі аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқарған. Мәселен, Түркияда облыстарды басқаратын губернаторлар Беклер бегі деп аталған. 20 ғ-дың басына дейін Хиуа хандығында аса ірі тайпаларды (мысалы, қарақалпақ) басқаратын хан ұлығына Беклер бегі атағы берілген. Ұсақ руларды, аталарды билейтін аталықтар Беклер бегіне бағынған. Қоқан хандығына тәуелді қазақ тайпалары мен руларын басқаратын ханның мирасқоры Беклер бегі деп аталған <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том, 243 бет</ref>.<ref>Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып Т.С.Садықов, С.Жолдасбаев</ref>

Дереккөздер

<references/>